Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңес:
1) білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) білім беру ұйымының Жарғысына өзгерістер және / немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру мәселелері бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
5) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады және оны мақсатты жұмсау туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешімді келіседі және шығарады;
9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметтерін сапалы ұсыну туралы, қайырымдылық көмекті пайдалану және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру бойынша қабылданатын шаралар туралы есептерін тыңдайды;
10) білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
11) білім беру ұйымының қызметімен, Білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне берілген шарттармен танысады, олармен білім беру ұйымы психологының қатысуымен әңгімелесу өткізеді;
Білім беру ұйымдарының қызметкерлері (құрылымдық бөлімшелері) Қамқоршылық Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге жәрдемдеседі.
19.10.2023 ж. № 528 бұйрық
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелді.
«Петровка орта мектебі» КММ жанындағы қамқоршылық кеңесінің құрамы
№ | ТАӘ | Атқаратын лауазымы | Қамқоршылық Кеңестегі лауазымы |
1 | Компилецкий Виталий Петрович | «Аграфирма Эксимнан» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары | Төраға
|
2 | Вайс Нина Ивановна | Жеке кәсіпкер | Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
|
3 | Жусупекова Динара Сапарбековна | Жеке кәсіпкер | Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
|
4 | Хомичук Елена Ивановна | Ата-ана | Қамқоршылық кеңесінің мүшесі |
5 | Махметжанова Алтын Еслямовна | Ата-ана | Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
|
6 | Сабитов Ерик Кожабергенулы | Жергілікті қоғамдастық өкілі | Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
|
7 | Тилепбергенова Диана Муратовна | Жеке кәсіпкер | Қамқоршылық кеңесінің мүшесі |