Білім беру мекемесінің қауіпсіздігі - бұл білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ білім беру мекемесінің әр-түрлі оқиғалардан, өрттерден, авариялардан және басқа да төтенше жағдайлардан материалдық құндылықтарды сақтау шарттары. Біздің мектепте 22 камерадан тұратын бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді, оның 14-і ғимараттың ішінде орналасқан және 8-і іргелес аумақтардағы объектілерді қадағалайды.
Біздің барлық камералар орталық бірыңғай дәлме-дәл уақытпен үйлестірілген, сонымен қатар қалалық полиция Басқармасының жедел басқару орталығына аумақтық полиция бөліміне трансляция жүргізілуде. Сондай-ақ «Петровка орта мектебі» КММ «Дабыл түймелері» орнатылған. Сигнал диспетчерге түседі, ол дереу полиция экипажын жіберу керек. Патрульдық қызметте қоңырауға жауап беру үшін шамамен 7 минут бар.