«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Петровка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
#Біртұтас_тәрбие Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты жолдауында үйлесімді тұлға мен жауапты азаматты қалыптастырудың негізі бала кезінен қаланатынын атап өтті. Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы тиіс. Ол кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатайтуды талап етті. Алдағы жылға басым бағыт балалардың құқықтарын қорғау (буллинг, суицид, жыныстық тиіспеушілік, қорқытып алушылық, кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты барлық қылмыстар, жарақаттану) мәселесі қойылады. Осыған байланысты мынадай отбасыларға бару бойынша жұмыс жандандырылды: өгей әкелерімен тұратын балалар, тұрмысы төмен және толық емес отбасылар, тұрмысы нашар отбасылар.